Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Жеңіс Сейдуллаұлының "Саған әнім" концерті

Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдуллаұлы шығармашылық кешіне шақырады.
Жеңіс Сейдуллаұлы – елімізде ән өнерінің мерейін үстем еткен композитор-орындаушылардың бірі. Ол қазақ өнерінің көкжиегін кеңейтіп, көркемдік деңгейінің көтерілуіне елеулі үлес қосып келеді. Композитордың  эстрадалық-классикалық, рок-н-ролл сынды жанрларда жазылған әндері халықтың жадында сақталып, сүйікті әндеріне айналды.
Концерт белгілі дирижер А.Беляковтың эстрада-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста өтеді. Концертте Нағима Есқалиева, Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, «Музарт» тобы, Медеу Арынбаев, Жеңіс Ысқақова, Жайна Орынбасарова, Жұбаныш Жексенұлы, Төреғали Төреәлі, Мадина Садуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Жанболат пен Жазира, Мұқасан Шахзадиев, Бейбіт Қорған, Нұржан Керменбаев, Рахат Тұрлыханов, Гүлнұр Оразымбетова, Айқын Төлепберген, Әли Оқапов, Қайрат Баекенов сынды атақты қазақ эстрада өнерінің әншілері, «Азия», «KZ», «Назар» топтары өнер көрсетеді.
Елордамыздың тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа бағдарлама, өзгермес хит әндер, ерекше бейнекөріністер және ұмытылмас кеш – барлығы «Қазақстан» орталық концерт залында 1 қараша күні, сағат 19:00-де.
Бейнені қарау
Билет сатып алу