Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«DEUTSCHE ROMANTIK IN ASTANA»

11 қаңтар күні сағат 19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің 2019 жылдағы алғашқы «Deutsche romantik in Astana» концерті өтеді.

Көрермендер концертте Иоганнес Брамстың 4-симфониясын тыңдай алады. Неміс композиторының шығармасында романтизмнің эмоционалды екпіні байқалады. Концертте композитор К.М. фон Вебердің оркестрмен кларнетке арналған N°1 концерті орындалады.  Бұл туындыда гармония мен оркестрлік колорит  әдемі үйлесім тапқан.

Бұл кештің ерекшелігі – Астанада алғаш рет атақты италияндық кларнетист Claudio Mansutti көрермендерге өз орындаушылық шеберлігін көрсетеді. Дирижерлік тұғырда халықаралық байқаулардың лауреаты, виртуозды виолончелист, Қазақстан мәдениетін әлемдік сахналарда таныстырып жүрген дарынды музыкант – Эльдар Сапараев.
Билет сатып алу