Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Британдық кеш Астанада!

1 ақпан күні «Qazaqstan» орталық концерт залында Астана тұрғындары мен қонақтарына «Британдық кеш Астанада/ With The Beatles» концерті ұсынылады. Бұл кеште «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі аты аңызға айналған әйгілі «Beatles» тобының репертуарындағы ең үздік хиттерін орындайды.

Концертте симфониялық оркестрмен қатар талантты хормейстер Батыржан Смаковтың жетекшілігімен ҚазҰӨУ хоры өнер көрсетеді. «Қазақстан дауысы» телевизиялық жобасының грандфиналисі Ербол Тажибаев, республикалық байқаулардың лауреаты, талантты орындаушы Алтынбек Сүндет атақты рок топтың әуендерін шырқайды. Сонымен қатар республикалық байқаулардың лауреаты Айна Қалмағанбетова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Қазақстан дауысы» телевизиялық жобасының финалисі Салтанат Мендығалиева өз өнерлерін көрсетеді. Эксклюзивті бұл музыкалық кеште «Х фактор», «Қазақстан дауысы» тележобаларының, «Новая волна» халықаралық байқауының финалисі Гульнар Кошенова әсем ән арнайды. Одан бөлек, атақты «Ағайынды Жүгінісовтер» музыкалық тобының орындаушылық шеберлігі ешкімді бейжай қалдырмасы анық.  

Дирижерлық тұғырда атақты мальталық дирижер, Европалық мәдениет қолдау қорының арт-директоры, симфониялық оркестрге арналған «Битлздің» барлық хит әндері жинақталған бағдарламаның иегері – Алан Киркоп.
Билет сатып алу