Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Азамат Жылтыркөзовтың «Талдықорған – әнім менің» концерті

Концерт 25 мамыр күні сағат 19:00-де І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтеді.
Бұл кеште өнерсүйер қауым қазақ және шетел композиторларының  жан-дүниені тебірентер романстары мен әндерін, белгілі опера арияларын тыңдай алады. Бұған қоса, концертте Жетісу өңірінен шыққан М.Төлебаев, Е.Рахмадиев, А.Алпысбаев сынды танымал композиторлардың үздік туындылары орындалады.
Концерт Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Дирижерлік тұғырда – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаев.
Сонымен қатар концертте республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Жұмабек Қаңтарбаев өнер көрсетпек. Кеш концертмейстері – ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы қоры сыйлығының лауреаты Дина Мирманова.