Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

"Асыл мұра" күй кеші

18 желтоқсан күні сағат 19:00-де «Qazaqstan» орталық концерт залының камералық залында «Astana sazy» фольклорлық ансамблі күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлына арналған «Асыл мұра» атты күй кешін ұсынады.

Концертте күй атасы атанған қазақтың белгілі композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туындылары орындалмақ. Екі шекті аспаптан жан тебірентер әуенге бай, рухты шығармалар тудырған Құрманғазының күйлері – нағыз рухани азық, асыл мұра. Құрманғазының күйлері адамның сөзбен айтып жеткізе алмас сырын да, шаттыққа толы қуанышын да, көкірекке сыймас құлазыған көңілін де домбыраның тілімен-ақ шебер жеткізеді.

Ел мақтанышына айналған даңқты күйшінің туындыларын «Astana sazy» этно-фольклорлық ансамблі орындайды. Сондай-ақ бұл кеште ҚР мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, ансамбльдің көркемдік жетекшісі, «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты, атақты композитор Бауыржан Актаев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Асқар Мұқият өнер көрсетеді.
Билет сатып алу