Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

"Астана сазы" фольклорлық ансамблінің "Ұлы Дала сазы " атты концерті

2 қараша күні сағат 19:00-де «Қазақстан» ОКЗ камералық залында Астананың 20 жылдығына орай «Астана сазы» фольклорлық ансамблінің «Ұлы дала сазы» атты концерті өтеді.

Көрермендерге бұл кеште атақты күйлер мен заманауи композицияларды тыңдау мүмкіндігі туып отыр. Фольклорлық ансамбль ғасырдан-ғасырға жеткен әуеннің әуезділігін сезінттіріп, халық композиторларының туындыларын әртүрлі аспапта естіртіп, естен кетпес кеш сыйлайды.

Концертте оркестрмен қатар, ҚР мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, ансамбльдің көркемдік жетекшісі, «Шабыт»  халықаралық фестивалінің дипломанты, атақты композитор Бауыржан Актаев, сонымен қатар  халықаралық және республикалық конкурстарының иегерлері Венера Табыс (жетіген), Асылбек Гүлмира, Мұңайтпас Аян (сыбызғы), Жүртекина Нұрбану (саз сырнай)  өнер көрсетеді.
Билет сатып алу