Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

"Алатау жаңғырығы" концерті

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 2018 жылғы 27 қараша күні сағат 19:00-де Студенттер сарайында «Қазақконцерттің» Алматы қаласындағы филиалының әртістері «Алатау жаңғырығы» концертін ұсынады.

Жанды дауыста өтетін концертте қазақстандық эстрада өнерінің майталмандары, белгілі әншілер өнер көрсетпек. Атап айтқанда, С.Тыныштығұлова, А.Қоразбаев, Ж.Сейдуллаұлы, М.Жүнісова, Р.Рымбаева, Б.Сәмединова, А.Нұрмағанбетова, С.Ибрагимов, А.Каримов, С.Махамбет, Н.Абдуллин, Р.Уайыс, Б.Қилымхан, Иман-сері, «Меломен» тобы сынды отандық эстраданың жұлдыздары мыңдаған тыңдарманның жүрегінен орын алған үздік әуендерді тарту етеді. Әншілер сахна төрінде Александр Беляков жетекшілік ететін Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрімен бірге ән шырқайды.

«Қазақконцерт» филиалының солистері республика өңірлерінде шығармашылық қызметпен белсене айналысып, үздік өнер туындылары мен концерттердің барша халыққа қолжетімдігін қамтамасыз етеді. Талантты артистер өз шығармашылығы, концерттері мен көп жылғы толымды еңбегі арқылы ұлттық сахнаны мазмұндық жағынан жаңа жетістіктерге жетелеп, қазақ өнерінің қарыштап дамуына атсалысып жүр.