Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің концерті

13 желтоқсан күні сағат 19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні орай «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің «Солистер шеруі» концерті болады. Бұл кеште музыканттар өнер сүйер қауымды жеке орындаушылық шеберлігімен таңғалдырады.

«Солистер академиясы» оркестрі бұл концертте ХХ ғасырдың ортасында жазылған белгілі отандық композитор Мұқан Төлебаевтың «Қазақстан» симфониялық увертюра-поэмасы орындалмақ. Тыңдаушы  жүрегіне жол тапқан асқақ үнді бұл туынды лирикалық сезімге толы. Бақыт таңының атқанын жырлаған композитор жарқын болашаққа деген сенімді музыка тілімен шаттана баяндады. Ұлы Даланың кеңдігі, халықтың рухы мен жігері айқын сезілетін «Қазақстан» туындысы қазақ музыкасының құдіретін сезіндіреді.

Бұл кештің бағдарламасында Рихард Штраустың валторна мен оркестрге арналған №1 концертінің премьерасы ұсынылады. Аталған туынды Астанада алғаш рет валторн квартетінің құрамында орындалмақ. Бұған қоса, өнер сүйер қауым альт пен ішекті оркестр үшін сирек орындалатын Владимир Цытовичтің «Триптих» туындысын және Дмитрий Шостаковичтің виолончель мен оркестрге арналған концертін тыңдай алады.

«Солистер шеруі» концертінде республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары: Биржан Утеулиев, Багжан Есиркеп, Калкаман Дюсембаев, Мадияр Белеков, Марат Конусбаев және Манар Исаханов өнер көрсетеді. Дирижерлік тұғырда – Михаил Кирхгофф.


Билет сатып алу